Валюта:
  • USD / KZT - 524.24
  • EUR / KZT - 612.94
  • RUB / KZT - 6.68

    ​Павлодарда жол апатынан 66 жастағы жүргізуші мерт болды

    20 қазан, 11:12

    Павлодар облысында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты қазанның 19-ынан 20-сына қараған түні сағат 02.00 шамасында Шарбақты - Успенка автожолында болған.

    Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Audi 80 автокөлігін тізгіндеген 66 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
    Полиция автокөлікті арнайы айып тұраққа қойды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.