Валюта:
  • USD / KZT - 542.29
  • EUR / KZT - 629.54
  • RUB / KZT - 6.77

    Нұр-Сұлтанда футбол алаңы маңынан ер адамның мәйіті табылды

    28 шілде, 19:13

    Елордада Петров көшесі бойындағы футбол алаңының маңынан ер кісінің мәйіті табылды. Бұл туралы полицейлерге мәйітті кездейсоқ көріп қалған куәгер хабарлаған.

    Ведомства мәліметінше, қайтыс болған ер кісі 38-жаста. Оның нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалған.