Валюта:
  • USD / KZT - 544.87
  • EUR / KZT - 639.02
  • RUB / KZT - 6.88

    101 000 теңге біржолғы көмек кімге беріледі

    04 шілде, 09:46

    Elitar.kz тілшісі 101 мың теңге көлемінде біржолғы көмек бойынша сұрақтарға жауап алды.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының түсіндіруінше, бұл көмек

    - үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналарға;
    - жұмыссыз отбасыларға арналған.

    Бұл ретте отбасының әрбір мүшесінің табысы 2 АЕК-тен аспауы тиіс.

    Жәрдемақы алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
    1) мекенжай анықтамасы;
    2) әрбір баланың туу туралы куәлігі;
    3) банктегі жеке шоттың нөмірі;
    4) Егер ажырасқанда - алимент туралы анықтама;
    5) бір жасқа дейінгі бала туралы анықтама.

    Құжаттарды Шымкент қалалық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әкелу керек.