Валюта:
    • ясно 35°C

    ​Босанған келіншекке ата-анасы перзентхана алдында тосын сый жасады

    09 қараша, 18:54

    Жас босанған әйелді баласымен бірге перзентханадан шығарып салу рәсімінде күтпеген тосын сый болды. Оның видеосын ТікТок қолданушысы жариялады.

    Автордың мәліметінше, жас келіншектің бұл қуанышын ортақтасуға ата-аналары келе алмайтындарын айтқан. Алайда олар қыздарына күтпеген сыйлық жасауды ұйғарыпты. Бұл рәсімге қонжықтың киімін киген ата-ана аниматор ретінде келген. Әкесі бас киімін шешкенде жас ана қуаныштан көзіне жас алады.
    Видеоны көрген желі қолданушылары ата-ананың бұл сыйына ерекше риза болып, тіпті көз жастарына ерік бергенін жарыса жазды.
    «Тамаша», «Керемет», «Мен де жылап алдым», «Ата-анаңыз күшті сыйлық жасапты. Ғұмырлары ұзақ болсын», «Сәбидің бауы берік болсын», «Ата-ананың орны қашан да бөлек қой», «Бақытты екенсіз» деп жазды желі қолданушылары.