Валюта:
  • USD / KZT - 519.51
  • EUR / KZT - 611.83
  • RUB / KZT - 6.6

    Батыс Қазақстан облысы: екі ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

    02 сәуір, 14:14

    Қазір Шыңғырлау мен Қаратөбе аудандарында жағдай қиын. 37 үй мен 2 әлеуметтік нысан су астында қалып, 30 бас ұсақ мал қырылды. Су басқан үйлерден 87 адам, (52-сі бала) эвакуацияланған. Мектеп оқушыларының бір бөлігі көрші ауылда, қалғаны қаладағы туыстарының үйінде оқиды. Арнайы құрылған комиссия келген шығынды есептейді. Сол бойынша өтемақы төленеді. Иесіз қалған үй-жайлар тоналмас үшін күзет қызметін полиция өз мойнына алған.

    Сонымен қатар БҚО аумағымен өтетін Самара-Шымкент тас жолын су шайып, аудандық маңыздағы 4 жол су астында қалды. Қазір су құрсауындағы үш ауданда 175 адам жол бойындағы суды бұру, сорғызуға кіріскен.