Семей тұрғыны қала әкімін сотқа берді

04 ақпан, 16:43

Қала тұрғынының пәтері былтыр Ертіс өзенінде жүргізілген жарылыс жұмыстарын зардап шеккен еді, деп жазады Elitar.kz тілшісі.

Еске салайық, былтырғы көктемде Шығыс Қазақстан өңірі су тасқынынан қатты зардап шекті. Ондаған қала тұрғыны баспанасыз қалып, қалғандарына «су тасқынынан» соң жөндеу қажет болды.
Жағдайды сәл де болса жеңілдету үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынды, соның бірі – өзендегі мұзды жару еді.
Дегенмен, іс жоспарлағандай жүзеге аспады. Мұз жарылған сәтте шашыраған сүңгілер ондаған үйдің терезесін шағып, жақтауларын қиратты. Үйі қираған сондай тұрғынның бірі Семей қаласының әкімін сотқа берді.
– Ертіс өзеніндегі жарылыс жұмыстары кезінде Сәтпаев көшесіндегі №87 үйдегі №73 пәтердің ағаш терезесінің жақтаулары мен әйнегі бүлінді, - деп хабарлады Семей қалалық сотының баспасөз қызметі. – Соның салдарынан үй иесіне материалдық шығын келді. 2018 жылғы 11 мамырдағы №942 есепке сәйкес, жөндеу жұмыстарының құны 35 040 теңге болуы тиіс еді. Е.В.Кулакова мұнымен келіспей, маманның 2018 жылғы 9 қыркүйектегі есебін ұсынды, оған сәйкес келтірілген шығынның көлемі 331 668 теңгені құрады. Үй иесінің жауапкерге жазған хатына 2018 жылғы 12 қазан күні мәселені сот тәртібін шешу туралы ұсыныс берілген.
Пәтер иесі солай істеді де. Ал сот жәбірленушінің құқығын қорғап шықты.
– Сот Семей қаласы әкімінен азаматша К-ның пайдасына материалды шығын, сотқа мемлекеттік баж салығын төлеуге қатысты, сенімхат жасау, есеп жасау, сараптама жасау және өкілдің қызметіне қатысты 446 289 теңге көлемде шығынды өндіруге ұйғарды, - деп қосты ведомстваның баспасөз қызметі.
Сот шешімі апелляциялық шағымда қаралуы мүмкін.