24 қыркүйек, 13:10
"Қызылорда - Нұр-сұлтан" бағытындағы № 91 пойызда "Тараз-Шу" учаскесіндегі 6 вагонның жолаушысы қыз босанды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі.
Жүкті әйелдің толғағы бастала сала пойыз бригадасы дауыс зорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларға бала босандыру бойынша кәсіби маман көмегі қажеттігі туралы өтініш айтқан. Жолсеріктерге бұл саладан хабары бар жолаушылар көмекке келді.
Шу стансасына келгеннен кейін әйел жаңа туған сәбиімен бірге жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бойынша пойыз бригадасы барлық қажетті көмекті көрсеткен.
"Айта кету керек, пойыз бригадаларының қызметкерлері дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқытудан және стандартты емес жағдайларда әрекет ету бойынша тренингтерден үнемі өтеді. Өткен жылы 10 бала пойызда дүниеге келді.
Ұлттық тасымалдаушы компания жас ананы сәбилі болуымен құттықтайды, ал кішкентай қызға мықты денсаулық тілейді!"- делінген баспасөз қызметін хабарламасында.