Көп жылдан бері "Астана" деп аталып келген елордалық теміржол вокзалын "Нұр-Сұлтан"деп өзгерту жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасында хабарланады.
Қаулы жобасы 16 сәуірге дейін көпшіліктің талқылауға шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, 9 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты.Кезекті президенттік сайлауға дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті уақытша басқарады. Қазіргі президент көтерген алғашқы бастама ел астанасының атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгерту болды.