Зейнетақы төлеудің ережесі өзгереді

24 шілде, 11:16

Қазақстанда 2020 жылдан бакстап зейнетақы төлеудің жаңа ережесі пайда болмақ. Жұмыс беруші зейнетақы қорына әрбір қызметкері үшін өз есебінен қосымша міндетті төлемдер төлеуі тиіс, деп хабарлайды Elitar.kz.

Бұл жұмысшы жалақысының бес пайызын құрайды. Осылайша ай сайын Қорға 35 млрд теңге шамасында ақша түсіп отырады, деп болжап отыр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мұндай өзгерістер алдымыздағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енбек.

Тиісті заң 2015 жылы қабылданды. Жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған, бірақ ведомство келесі жылға қалдыры.