"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ-"БП Алматы бөлімшесі" Алматы — 1 стансасының басшысы бірнеше рет пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі.
Құлжабаевқа жаза ретінде 17 832 500 теңге айыппұл салынды.
Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы-1 стансасының бастығы Құлжабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу кезінде коммерциялық кәсіпорындардың өкілдерін заңсыз тексергені және бос контейнерлерді ҚХР меншік иесі еліне қайтарғаны үшін делдалдар арқылы 500 мың теңгеден астам мөлшерде пара алудағы кінәсін анықтады.