Қызылордада қамауда жатқан танысына есірткіні айран ішіне салып әкелген

19 ақпан, 10:37

Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 мекемесінің қамауында отырған азаматқа танысы есірткі жеткізіп беруге әрекеттенген. Тұрғынының бұл әрекетін режим және күзет бөлімінің қызметкерлері әшкереледі.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің терегу-қамауында отырған азаматқа келген танысы 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішіне 2 дана полиэтилен пакетке орап есірткі алып келген. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы бойына тәркіленген заттың кептірілген мархуана екені анықталған. Бұл жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 297- бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу ) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.