01 ақпан, 17:55
"Қабылдау бөлімінің жұмысын жетілдіру". "KazMedConsult" ЖШС директоры Кевин Фрик Түркістан облысының дәрігерлері үшін шеберлік сабағын өткізді.
Түркістан облысының медициналық ұйымдары жуырда елімізде енгізіле бастайтын пилоттық жобаға қатысуда. Бұл біздің дәрігерлер үшін жаңа көкжиекті ашпақ. Шұғыл көмектің қазақстандық бірегей жаңа үлгісі әлемдік тәжірибенің барлық кемшіліктері мен артықшылықтары ескеріле отырып жасалған.
Қабылдау бөлімдері жұмысының жаңа механизмі ауруханаға дейінгі өлім-жітімді азайтып, шұғыл көмек көрсетудің сапасын жақсартуға бағытталып отыр.
Канадалық қонақ Кевин Фрик жедел жәрдем қызметі бүгінгі таңда қалай жұмыс істеу керегін түсіндірді: қолжетімді, тегін және бастысы, жылдар әрі сапалы.
Кевин Фриктің денсаулық сақтау, консалтинг, стратегиялық даму және бизнесті дамыту менеджментінде 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Шетелдік маман біздің дәрігерлердің кәсіби дәрежесін жоғары бағалап, Түркістан облыстық клиникалық аурухана базасының техникалық тұрғыда мықты жабдықталғанын атап өтті.