20 ақпан, 16:34
Республикада 1 наурыз күні жас сарбаздарлы Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру басталады. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы «Шұғыл әскери қызметтегі әскери қызметкерлерді запасқа жіберу туралы» Жарлығына сәйкес 1 наурыздан бастап азаматтарды әскерге шақыру басталады.
2019 жылдың көктемінде әскери қызметке жасы 18-27 аралығындағы, әскерге шақырудан босату және мерзімін шегеру құқығы жоқ жастарды шақуры жоспарлануда.
Наурыз айының басында ҚР Қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдарын жас сарбаздармен толықтыру бойынша медициналық және әскерге шақыру комиссияларының жұмысы басталады. Жастарды әскер қатарына жіберу барысында олардың бұған дейін алған мамандықтары да ескеріледі. Әскерге шақыру науқаны аумақтық емес принциппен жүргізіледі.
Азаматтарға әскерге шақыру науқаны кезінде туындаған сұрақтарды түсіндіру үшін 8 (7172) 72−14−20 және 72−16−06 нөмірлері арқылы «шұғыл желі» құрылған.