Алматыда жүргізуші полиция бекетіне соғылды

05 сәуір, 16:15

4 сәуірден 5 сәуірге қараған түні Алматыда Toyota Carina Е жүргізушісі рөлді басқара алмай, стационарлық полиция бекетіне соғылды.

Аварияның видеосы Instagram-да пайда болды, алдын-ала деректер бойынша жүргізуші мас емес. Желіде пайда болған кадрларға қарағанда, қызыл түсті авто полиция постының тіреуіне соғылып, зақым келтірген.

ЖКО салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ - қызметкерлер да, жүргізуші де аман. Орын алған оқиғаның мән-жайы Түрксіб аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері кіріскен тексеру барысында анықталады.