Алматы облысында мектептен келе жатқан 11 жасар қыз ұрланды. Баланың үйіне оралмағына алаңдаған анасы полицияға шағымданды.
Жағдайды анықтау барысында белгілі болғандай, арызданушының телефонына ер адам қоңырау соғып, оның жұбайының танысы екенін айтып, ол алған 100 мың теңге көлемінде ақшалай қарызын қайтаруды талап еткен. Қоңырау шалған адам қарызын қайтармаған жағдайда бұдан былай баланы көрмейтінін айтып қорқытқан.
"Дабыл бойынша
баланы іздеуге Қарасай
полициясының барлық жеке құрамы
көтерілді. Жедел-іздестіру іс-шараларына
жедел қызметтердің қызметкерлері,
учаскелік және ювеналдық полицияның
инспекторлары да қосылды. Бірнеше
сағаттан кейін супермаркеттердің
бірінде ұсталған күдіктінің орны
анықталды. Ұрланған бала сол жерде
болған. Қыз босатылды және ата - анасына
қайтарылды",-деп хабарлайды Алматы
облысы ІІД баспасөз қызметі.
Факті
бойынша қылмыстық тергеу басталды.
Ұсталған азаматқа қатысты аудандық сот
Қарасай аудандық полициясының УҰИ-да
қамауға алуды
санкциялады.