"Қала жолдары" коммуналдық кәсіпорнының тазалаушылары мен арнайы техника жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Жұмысшылар сәуір айының жалақысы төленбейінше жұмысқа шықпаймыз деп отыр.
Ереуілге шығу арқылы қызметкерлер
жалақыны уақтылы төлеу мәселесіне назар
аудартуға тырысады.
Айтпақшы
қызметкерлер хабарлағандай, тазалық
құралдарын олар кейде өз қаражаттарына
алады екен. Сыпырғыштар, қолғаптар,
шелектерге кететін ақшаны олар отбасы
бюджетін жұмсайды. Кәсіпорын басшысы
Ақтау қалалық бюджетінен қаржыландырудың
болмауына байланысты өз қызметкерлеріне
жалақы бере алмайтынын айтты. Жалақыға
ай сайын жүз миллион теңге қаражат
жұмсалады.
Әкімдік бұл мәселемен
таныс болып шықты, алайда оны қашан
шешетіндері белгісіз. Адамдар бойкотты
жалғастыратынын хабарлады.