Валюта:
  • USD / KZT - 519.51
  • EUR / KZT - 611.83
  • RUB / KZT - 6.6

    Қазақстанда бірқатар ауыр атлет допингпен ұсталды

    19 желтоқсан, 17:02

    ​Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы Допингке қарсы ұлттық орталықпен бірлесіп спортшылар мен жаттықтырушыларға тыйым салынған препараттарды қолдану жөнінде тергеу жүргізді, деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі.​

    Ережені бұзған азаматтар қатарында: Аружан Көлбай (Алматы), Гүлдана Жүніс (Алматы), Асылжан Бектай (Қызылорда), Әлішер Сейітқазы (Алматы), Ерасыл Кеңесбаев (Алматы), Максим Ню (Шымкент) және Тимур Хасаров (Алматы обл.) бар. Бұл атлеттер 2 жылға спорттан шеттетілді.
    Сонымен қатар ауыр атлетикадан республикалық спорт колледжінің жаттықтырушысы Айбол Көлбаев пен Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Талғат Әбен төрт жылға жазаланды.
    V жазғы спартакиадаға қарсы алынған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен Нұрмұхамбетоваға қатысты жеке тыңдау өткізіледі. Оған дейін спортшы барлық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарынан шеттетіледі.