Түркістан облысының полицейлері жоғалған 40 түйені тауып алды

11 наурыз, 12:30

Қаңтар айында Созақ АПБ-нің кезекшілік бөліміне жергілікті екі тұрғын өткен жылдың күз айында жайылымнан 40-тан астам түйелерінің жоғалғандығы туралы арыз түсіреді. Аталған жайт бойынша полицейлер дереу ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «ұрлық» бойынша істі тіркейді. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғалған түйелерді тездетіп іздеу мақсатында полиция бөлімінің қызметкерлері және өзге де полиция бөлімдері арасынан жедел-тергеу тобы құрылады. Бірнеше мобильдік топтармен жақын жердегі бос жайылымдық жерлер мен тағы да басқа аумақтар түгелімен тексеріліп шығады. Полицейлердің алдын ала жүргізген тексеру шаралары нәтижесінде ірі қаралардың қараусыз бос жайылымда жүретіндігі белгілі болған.
"Екі апта бойы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Созақ АПБ-нің полицейлері алыс жайылымның он шақырымды жерінен жоғалған түйелерді тапты. Полицейлер табылған түйелерді заңды иелеріне қайтарды. Жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларына малдарын іздеу барысында кәсібилік пен жеделділік танытқандары үшін алғыстарын білдірді" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.