20 ақпан, 14:31
Жоғалып кеткен Бақдәулет Өмірханның денесі құдықтан табылған. Бұл туралы Астана ТЖК өкілдері мәлімдеді.
«19 ақпан күні сағат 16:53-те Астана Теміржолы тұрғын алабында Орталық аумақтық аэромобильді шұғыл-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған жеткіншекті іздестірді. Ол 16 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сағат 23:40-та еріктілер ашық тұрғын кәріз құдықтарының бірінен жоғалған баланың денесін тапты. Құтқарушылар мәйітті сыртқа алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы тексерілуде», - делінген хабарламада.
Мәйіттен қинап өлтірудің белгілері табылмады. Қазіргі таңда тексеру жалғасып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
«Адам жоғалудың мән-жайын анықтап, баланы табу мақсатында шұғыл-іздестіру топтары құрылып, оған полицейлер, әскерилер, ТЖ қызметкерлері кірді. Іздестіру жұмыстарына еріктілер де қосылды. Әскери қызметкерлер және еріктілермен бірге орман алқаптары, жеке және адам тұрмайтын үйлер, ашық алаңқайлар, теміржол өткелдері, ауылдағы құдықтар мен жолдың бойлары арнайы техникамен сүзілді», - деп хабарлайды ведомства өкілдері.
Айта керейік, 16 жасар бала 16 ақпан күні Астана Теміржол тұрғын алабында жоғалып кетті. Оны іздеуге 300-ге жуық ерікті жұмылдырылған. Жеткіншек үйіне жақын жердегі құдықтан табылды.