Бүгін, 17 ақпан күні Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ислам Әбішев пен Серік Түкиевке қатысты үкім жарияланды.
Үкімді елордалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас оқыды.
"Ислам Әбішевке қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп, бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қауіпсіздік барынша төмен мекемеде ұстаудың бір күні күзетте ұстаудың екі күніне есептелсін. Бұлтартпау шарасы бұрынғы күйінде қалдырылсын. ( ... ) Серік Түкиевке қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп, төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Бұлтартпау шарасы бұрынғы күйінде қалдырылсын" делінген үкімде.
2020 жылдың 21 қаңтарында Әбішев оған қатысты айыптау үкімі болған жағдайда өзін қылмыстық қудалауға тапсырыс берушінің кім екенін айтатынын уәде берді, деп хабарлайды ХАА ҚазТАГ. Сондай-ақ, адвокат Есқараев Әбішевке қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелмегенін хабарлады. Заңгердің айтуынша, Әбішевке қарсы сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне өтініш берген азамат Шәймерденовке қатысты мемлекетке Т1 млрд жуық шығын келтірген салық төлемеу туралы қылмыстық іс тоқтатылған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың наурыз айында шенеуніктің қызметінен шеттетілгендігі белгілі болды. Оған пара алды деген күдікке ілінуі себеп болған. Комитеттің бұрынғы басшысы 60 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Жұмыстан шеттетілгеннен кейін 3 күн өткен соң Әбішев қамауға алынды, содан кейін оған пара алғаны үшін ғана емес, бопсалау үшін де айып тағылғаны туралы ақпарат пайда болды. Шенеунікті ұстау туралы ақпараттан кейін желіде видео жария етілді, онда Ұлттық бюро мамандары ұқыпты оралған ақша бумаларын алып жатқан кадрларды көруге болады. Өткен жылдың қыркүйек айының соңында комитеттің бұрынғы басшысының ісі сотқа өткені белгілі болды.
ФОТО: МИА КазТАГ