​Түркістан облыстық көші-қон полицейін ҰҚК ұстады

11 наурыз, 17:03

ҚР ҰҚК қызметкерлері Түркістан облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімі маманының заңға қайшы әрекетін әшкереледі.

Көші-қон полициясының қызметкері Жұмаділов 2018 жылғы 7 желтоқсанда ұсталған. Ол қызметі үшін ақша алу үстінде қолға түсті.
Өзбекстан азаматына елде тұруға рұқсат бергені үшін Жұмаділовқа 60 мың теңге төленген.
Биылғы ақпан айында Мақтаарал аудандық сотында көші-қон қызметінің маманы алаяқтық жасады деп танылды. Айыпталушыға 2,6 млн теңге айыппұл төлеу жазасы кесілді.