Төтенше жағдай кеше кешкі сағат бестер шамасында Жамбыл ауданындағы Пресновка селосында орын алған.
Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде екі пәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі өртеніп жатқан. Қызыл жалын жарты сағаттың ішінде толықтай сөндіріліп, екі пәтерлі үйдің бір жағы және қора аман қалды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталып жатыр.
Айта кетейік, өрттің салдарынан үш адам зардап шекті. Олар: денесінің 20-29% күйік шалған 29 жастағы ер адам, оның 40-49% денесі күйіп қалған 29 жастағы әйелі және 40-49% денесі күйіп қалған олардың 5 жасар ұлы. Барлығының жағдайы ауыр, қазіргі таңда аурухада жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне араша болып отыр.