Экс-шенеунікке қатысты тергеу басталды. Оған Петропавл қаласында бизнес жүргізу үшін 286,5 млн теңге сомаға жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы ұрланған бюджет қаражатын заңды айналымға енгізбек болды деп айып тағылып отыр. Күдікті әкімшілік үй-жай мен іргелес жер учаскелері бар қоғамдық тамақтану ғимаратын сатып алған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан өзге жоғарыда көрсетілген жауапты лауазымды тұлғаның 500 млн теңгеден астам бюджет қаражатын біреулермен бірлесіп жымқырды деген күдік бойынша да тергеу жалғасып жатыр. Сот аталған қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты алдын ала «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.