Бүгін семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы әлем кубогі кезеңдері басталады. Шпагашы ерлер бәсекесі Парижде, ал қыздар арасындағы дода Дубайда ұйымдастырылып жатыр деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Дубайдағы бәсекеде Қазақстан атынан төмендегі спортшылар сынға түседі:
Ульяна Балаганская, Әсел Әлібекова, Тамила Муридова және София Николайчук.
Париждегі шпагашылар сынына Дмитрий Алексанин мен Эльмир Алимжанов бастаған спортшылардың қатысатынын кеше хабарлаған болатынбыз.
Әзірге, қазақстандық нояндар әлем кубогі додасынан жүлделі орын алған жоқ.