Түркістан облысы әкімінің өзінің қызметкерлеріне ұнағаны сондай, олар бұрынғы әкімнің басқа қызметке ауысуы туралы ойға да алмайтындай. Облыс әкімдігінің ресми сайтында Жансейіт Қансейітұлы «Әкім блогын» жүргізгенімен қоймай, "тұрғындарды жеке мәселелермен қабылдайды" және «Жетекші» бөлімін басқарып тұр.
Мүмкін, бұрынғы қызметкерлері Жансейіт Түймебаевтың енді Түркістан облысының әкімі еместігін әлі де болса "қабылдай алмайтындай". Немесе облысқа басқа әкім келгенінен "хабарсыз..."
Ресми https://ontustik.gov.kz/ сайты халықты шатастырмасы үшін сайт әкімшілеріне арнайы хабарлаймыз – Түркістан облысының жаңа әкімі – Өмірзақ Шөкеев. Қызметіңіз құтты болсын!