Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Challenge Co., Ltd бас директоры Kазуо Сасакимен шаһарда жер сілкінісі туралы алдын-ала хабарлайтын жүйені орнату туралы мәселені талқылады.
Казуо Сасаки сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы, жобаның серіктесі болуға дайын. Ол әлемдегі неғұрлым сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған қондырғының артықшылықтары туралы айтты. Бұл туралы меагполис басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің INSTAGRAM парақшасында жазды.
"Алматыдағы сейсмология Институты мамандарының мәліметі бойынша қалада 25-35 станция орнату қажет.
Қауіпті ескерту жөніндегі заманауи жүйелер сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан қалалар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шараларының ажырамас бөлігі болып табылады" делінген қала әкімінің жазбасында.