ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданы Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Оған Парламент Сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚХА төрағасының бірінші орынбасары Жансейіт Түймебаев, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл және тағы басқалар қатысты.
Ауыл тұрғындарымен кездесуде Үкіметтік комиссия мүшелері құқықтық тәртіпті сақтау, келтірілген залалды қалпына келтіру, орын алған оқиғаның мән-жайын объективті анықтау, бірлік пен келісімді сақтау бойынша одан әрі шаралар қабылдау, болашақта осындай қақтығыстарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау мәселелерін талқылады.
Жергілікті тұрғындарды ұсталған азаматтардың тағдыры алаңдатты.