16 қаңтар, 15:50
Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді.
Вице-премьер және облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған жұмыс тобы Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Сондай-ақ әкімшілік, тарихи-мәдени және әлеуметтік мақсаттағы ғимараттардың құрылыс алаңдарына арнайы барды.
Айта кету керек, облыс орталығында биыл тапсырылатын нысандар құрылысының барысына күнделікті мониторинг жүргізу нәтижесінде құрылыс компаниялары жұмысшылардың санын арттырып, екі ауысымды жұмыс кестесіне көшті. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 наурызына дейін облыс орталығында көгалдандыру және көшеттерді отырғызу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.