28 қаңтар, 12:03
Елжан Біртанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында бүгінгі таңда Қытай аумағынан Қазақстанға 25858 адам келгенін хабарлады. Олар қазақстандықтар мен шетелдік азаматтар.
Барлық келгендер бойынша деректер Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі және одан әрі бақылау комитеті (Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті) арқылы тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізіледі.
Оның айтуынша, келгендердің арасында жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) белгілері бар адамдар болған.
"Бүгінгі таңда 23 адам қызуы көтеріліп келді. Оның төртеуі ЖРВИ-инфекциясына күдікті ретінде ауруханаға жатқызылды. Вирусты инфекциялар арасында айқын айырмашылық жоқ болғандықтан, біз ЖРВИ-ға күдікті ретінде ауруханаға жатқызамыз", - деп атап өтті Біртанов.
Ауруханаға жатқызылғандардан барлық қажетті қан анализдері алынды.
"Үш тәулік ішінде егжей-тегжейлі диагностика жүргізіледі. Тиісті терапия басталды", - деді ол.