Жантүршігерлік жағдай Буратияда болды. 4 жасар балақай қайтыс болған әжесімен бір пәтерде бірнеше күн болған. Анық болғаны, баланың ата-анасы жоқ, жалғыз жақыны – әжесі.
Қайғылы жағдай туралы балақайдың балабақшаға келмей кеткеніне алаңдаған тәрбиешілердің көмегімен белгілі болды. Балабақша қызметкерлері қамқорлыққа алу органына хабарласып, олар өз кезегінде полицейлерге хабар берген. Тәртіп сақшылары пәтердің есігін бұзып ашты.