"Басына мұз сүңгісі түскен бала оқиғасы": ПИК директоры айыппұлмен құтылды

11 наурыз, 13:58

Павлодар қаласында оқушының үстіне мұз сүңгісі құлап, ауруханаға түсті.

Қалалық полицияға 6 наурыз күні облыстық балалар ауруханасына 2003 жылы туған бала жеткізілгені жайлы хабарлама түседі. Оқушыға "миы шайқалған" деген диагноз қойылған.

Тәртіп сақшылары бала Короленко көшесі, №355 үйдің жанында ойнап жүріп жарақат алғанын анықтады. Оның үстіне үйдің шатырынан мұз сүңгісі құлап түскен.
Осы оқиға бойынша пәтер иелері кооперативінің директоры ҚР ӘҚЖК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл кесілді.
Полицейлердің айтуынша, ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 43-бабы, 8-бөлігіне сәйкес кез келген ПИК, ЖШС тұрғын үй немесе өздері қызмет көрсететін үйдің санитарлық және техникалық жағдайымен айналысуы тиіс.