Еріктілер мектептен шығып хабар-ошарсыз кеткен 9 сынып оқушысының аман-есен табылғанын хабарлады. Оқушы Эмануила Фролованың қазіргі таңда өз үйінде, ата-анасының қасында. Бұл уақытта ол туысының үйіне қонаққа барған және үйіндегілерге ескертпепті.
Еске салсақ, сейсенбі күні №18 мектептің 9 сынып оқушысы Эмануила Игоревна Фролова мектептен шыққан бойда үйіне қайта оралмағаны туралы жазған болатынбыз.