Валюта:
  • USD / KZT - 532.74
  • EUR / KZT - 617.23
  • RUB / KZT - 6.77

    Ерлан Тұрғымбаев әскери қызметшінің қару-жарақты қалай ұрлап кеткенін баяндап берді

    25 ақпан, 11:06

    ​Тергеу болжамына сәйкес, келісімшарт негізіндегі әскери қызметші ұрланған қару-жарақтарды бір күнде алып кетпеген. Сақтау қоймасына кіру мүмкіндігі барын пайдаланған ол қаруларды қаңтардың соңынан ақпанның ортасына дейін бір-екі данасын алып кетіп отырған, деп хабарлайды zakon.kz.​

    Қарудың басым бөлігін ақпанның 19-ынан 20-сына қараған түні ұрлаған. Екеуін 120 мың теңгеге сатып үлгерген. Ал қалған қару сарбаздың достарында сақталған.
    Тергеу барысында қару ұрлау (291-бап) және салғырттық (453-бап) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.