Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Болат Бақауовтың қайда екенін айтты

16 қаңтар, 12:32

Қазір Павлодар облысы әкімдігінде не болып жатыр және аймақ басшысы қазір қайда? Бұл сұрақтарға облыс әкімінің баспасөз хатшысы жауап берді.

"Қазіргі уақытта Павлодар облысының әкімдігі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Павлодар облысының барлық басшылығы өз жұмыс орнында, жалғыз ғана облыс әкімі қазір әкімдік ғимаратында емес, ол қазір жұмыс бабымен Павлодар қаласында",-деді баспасөз хатшы Ернар Сейтахмет.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпарат бірқатар Telegram-арналар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Бірақ әкімнің ұсталғаны туралы мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.