Қазақстандық шенеуніктер әлеуметтік желілерге белсенді түрде тіркелуде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек те Twitter-де өз аккаунтын ашты. Бірінші хабарлама туризмге арналды.
"Бүгін қаланың
қоғамдық кеңесінің мүшелерімен бірге
бірқатар өзекті мәселелерді талқылаймыз,
соның ішінде туризмді дамыту және
Алматының ашық бюджетін жаңа
тәсілде қалыптастыру мәселесі
де бар", - деп жазды әкім өз
парақшасында.
Аккаунт
орыс және қазақ тілде жүргізіледі.
"Twitter"-ге Қазақстан
президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та
тіркелген.