Бұл туралы ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
«Қауіпсіз аула» профилактикалық іс-шарасы барысында 11 жасар қыз бен 10 жасар ұл бала түнгі сағат 3-терде Сарыағаш қаласы көшелерінің бірінде табылды. Полицейлер балаларды Сарыағаш АПБ-не жеткізіп, ас-суын беріп тамақтандырған.
Психологты балалармен тілдестірген тәртіп сақшылары жасөспірімдердің кешкі сағат 17:00 шамасында
тұрғылықты мекен-жайынан шығып, әкелеріне
бармақ болып, адасқандары анықталды.
Анасымен тұратын бауырлар әкелерін
сағынғандықтан, сол үйге өздері бармақ
болған.
Әпкесі мен інісі айтқан
мәлімет бойынша тұрғылықты мекен-жайлары
анықталып, балалар анасына табысталды.