Қазақстан мен ТМД елдердің полицейлері арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстың арқасында қылмысқа қарсы күрес саласында өзара тиімді іс-қимыл жасалды. Ең маңызды бағыт экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл болып табылады. Шымкент қаласы ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында үшінші мегаполис әуежайында Өзбекстан азаматы ұсталды. Ақпаратты тексеру барысында, ер адам Қазақстан аумағы арқылы сириялық қақтығыс аймағына өту үшін Түркияға ұшып бара жатқаны анықтады. Өзбекстан тұрғыны халықаралық террористік ұйымдар жағындағы соғыс қимылдарына қатысуға ниеттенген.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмыскерді ұстау Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл Департаментінің үйлестіруімен Өзбекстан ІІМ терроризмге және экстремизмге қарсы күрес Бас басқармасымен тығыз байланыста жүзеге асырылды.
Қазақстандық
полицейлердің жедел
іс-шараларды өткізу кезінде көрсеткен
кәсібилігін Өзбекстан ІІМ-нің әріптестері
ІІМ-нің экстремизмге қарсы іс-қимыл
департаменті басшылығының атына жазған
алғыс хатында білдірді.