Түркістан облысында жас жігітті атып өлтіргендер ұсталды

17 қыркүйек, 14:47

12 қыркүйек күні сағат 5:30-дар шамасында Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөліміне ауруханадан оқ тиіп жараланған жас адамның мәйіті жеткізілгендігі жөнінде хабарлама келіп түседі. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тіркелді.
Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, ТО ПД Криминалды полиция басқармасымен Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Кісі өлімін анықтау және күдіктіні ұстау үшін үш тәулік қажет болған.
"Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері күдіктілерді Шымкент қаласынан ұстады. Олардың екеуі Шымкент қаласының тұрғыны болса, біреуі Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Олардан шолақ мылтық алынды. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтауда" делінген Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.