"PHAETON EXPO 2019" автомобильшілерге арналған көрме

07 сәуір, 16:10

Шымкент қаласында "PHAETON EXPO" автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуге арналған автоқосалқы бөлшектер мен автокомпоненттердің үшінші мамандандырылған көрмесі өтуде. Бұл өндірушілер мен тұтынушы арасындағы ашық диалог үшін бірегей алаң. Үшінші мегаполистің тұрғындарына әлемдік авто-брендтер өз ассортиментінің жаңалықтарын көрсетеді, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер үшін техникалық семинарлар мен тренингтер өткізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бірегей көрме бір алаңда он бес елдің компанияларын жинай алды. "Phaeton DC" бас директоры Марат Шотбаев көрме бизнесмендерге түрлі компаниялардың ассортиментін көруге және білуге мүмкіндік береді деп санайды.

"PHAETON EXPO" көрмесі екі жылда бір рет өткізіледі. Біз Алматы мен Астанада "PHAETON EXPO" ұйымдастырдық, ал биыл оңтүстікке келуді ұйғардық. Келесі жолы өтетін іс-шараны біз әзірше шешкен жоқпыз, бірақ жыл сайын Шымкентте өткізілмейді. 6 жылда бір рет біз көрмені осында ұйымдастыратын боламыз", - деді ол.

Көрме аясында ұйымдастырылған семинарлардың бағдарламасы бір-біріне ұқсайды, бұл ұсақ сервистер өкілдеріне де, ірі орталықтарға да қызықты. Ал бастаушы кәсіпкерлер мен автоәуесқойларға болса бірегей білім алуға және өздері үшін жаңа перспективалар ашуға мүмкіндік береді. Олег Иконников іс-шараны жүргізуші, өзі жаяу жүргінші болып табылғанына қарамастан, бұл шараға ол ерекше қызығушылық танытқан.

"Мен жүргізуші креслосына отыруды жоспарлап жүрмін. Осындай көрмелерге қатысып, қандай брендті сатып алу керектігін, қандай қызметтер алуға болатынын, қалтада қанша қаржы болуы керектігін түсінуге болады. Ал ашық алаңда әлемдік брендтердің өкілі кеңес береді, жаңалықтарды көрсетеді, менің ойымша, осындай іс - шараның бізде де ұйымдастырылғаны өте жақсы", - дейді Олег.

Ұйымдастырушылар ең кішкентай келушілерге қамқорлық жасап, балалар алаңын орнатты. Ал ата-аналар бұл уақытта түрлі авто-сайыстарға қатыса алды. Мысалы, қалыптарды немесе от алдыру шамдарын ауыстыру бойынша өзара жарысты, сондай-ақ өздерін автодиагностика шебері ретінде сынап көрді. Қатысушылар әлемдік автокомпоненттер өндірушілерінен бағалы сыйлықтар да алды.

Көрмеге кіру тегін. Көрме "Көрме" орталығында өтуде.