Қала белсенділері халықаралық байқауға қатысу үшін осындай шешім қабылдаған. Қалалықтардың басын қосқан Experiment Show Youtube каналы мен оның жүргізушілерінің бірі Артем Бухониннің сөзінше, 18 метр тектен-тек таңдалмапты. Себебі 2019 жылы өткен байқауда жеңімпаз атанғандар 15 метрлік аққала қалап, көпті таң қалдырған. Енді биыл петропавлдықтар бұл рекордты жаңартпақ ниетте. Дәл қазіргі таңда Пестрое көлінің маңында қалалықтар кезек-кезегімен аққаланы қалауды жалғастырып жатыр.
Ақпарат ретінде айта кетейік, аққала жасаушылар арасында өтетін байқауды ресейлік Slivki show Youtube каналы ұйымдастырып отыр. Бұл ТМД елдері арасында дәстүрге айналған байқау түрі. Жұлде қоры - 100 мың рубль. Петропавл тұрғындары егер додада жеңімпаз атанса, жүлдені «Жауапты жүрек» қайырымдылық қорына аударуды жоспарлап отыр.
(көрнекі фото)