Валюта:
    • ясно 32°C

    Шымкентте кардиоорталықтың науқасы түсініксіз жағдайда қайтыс болды

    28 наурыз, 13:39

    Қайғылы жағдай 16 наурыздан 17-не қараған түні болған.

    Кардиоорталықта 62 жастағы кісінің өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы «Отырар» телеарнасының журналистеріне кардиоорталыққа келген шұғыл топтың мүшелері хабарлады.

    Анық болғаны, 62 жастағы науқас үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Дегенмен, медициналық ұйымның өкілдері өзіне-өзі қол жұмсау фактісін теріске шығарып отыр.
    Полиция департаментінің қызметкерлері прокуратураның тыйым салғанын айтып, мәлімет беруден бас тартты.