Бұрынғы қорғасын зауыты поселкесінің басты көшесі - Абай даңғылының бүгінгі жағдайы көңіл құлазытады. Көшедегі үйлердің тұрғындары осы уақытқа дейін билік тарапынан тек көше шамы ғана жасалды деп ашынады.
Бұл құрылыстарды сәулет ескерткіші деп атауға әбден болады дейді Владимир Киселев.
Жас жігіт 1934 жылы соғылған үйде ата-анасымен 25 жылдан бері тұрып келеді, сол уақыттан бері мемлекет тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарының бірі де есінде жоқ. Ғимаратты жөндеуге көршілер өздері ақша жинаған, бірақ, үйлерге апаратын жолды жөндеуге қаржылары жетпейді. Қар мен жаңбырда көше батпаққа айналады. Владимирдің айтуынша, проблеманы шешуді сұрап, жергілікті және қалалық әкімдікке бірнеше рет өтініш жасаған. Енді қай есікке барарын да білмейді. Екі қабатты ғимаратта зейнеткерлер мен оқушылар тұрады, балалар мектептен аяқтары су болып келеді. Ал осы арада әкімдіктен кезекті хат келді дейді жас жігіт.
Енді тұрғындар проблеманың шешілуін күтеді, себебі үйлердің іргетасын шалшық су шаюда.