​Көпбалалы отбасыларға арналған баспана бағасы туралы не білеміз?

06 наурыз, 09:56

Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту бағдарламалары туралы Қайырбек Өскенбаев айтып берді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлердің есепті бағасы 1 ш.м-ге 140 мың теңгені құрайды. Бұл тұста пәтердің тұтас бағасын бекіту мәселесі қарастырылуда.

«Жергілікті атқарушы орган өкілдері «Егер сіздер бір пәтердің қандай да бір нақты бағасын белгілесеңіздер, біз әкімдіктерге өздері шешім қабылдауға мүмкіндік береміз» дейді. Мысалы, 4 балалы және 10 балалы отбасы бар дегендей. Егер олар баспана ауданын ұлғайтқысы келсе, осы сомадағы қаржыны қоса алады», - деп түсіндірді шенеунік.

Көпбалалы отбасыларға арналған баспана бағдарламасын Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі де дайындауда. Бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің мөлшерлемесі 2%-ды, ал мерзімі 20 немесе 25 жылды құрайды. Алғашқы жарна мөлшері есептелуде.