​Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты

11 наурыз, 14:29

Мемлекет басшысы Эфиопия президенті Сахле-Ворк Зевдеге телеграмма жолдап, көңіл айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның мерт болу хабарын күйзеле отырып қабылдағанын жеткізді.

«Осынау қайғылы күндері қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқы және жеке өзімнің атымнан марқұмдардың жақындары мен туыстарына, сондай-ақ, бүкіл Эфиопия халқына көңіл айтамын», - делінген телеграммада.
Еске салайық, қайғылы жағдай жексенбі күні болды. Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы елдің Дэбрэ-Зэйт қаласына жақын жерде құлады. Ұшақта 8 экипаж мүшесімен бірге 157 адам болған. Көз жұмғандардың арасында 35 елдің азаматы болған. Бортта қазақстандықтар жоқ. Ал Ethiopian Airlines әуе компаниясы Boeing 737−8 ұшақтарының ұшуын уақытша тоқтатты.