Нұр-Сұлтанда жалған полицей тұрғындардан ақша бопсалап келген

19 желтоқсан, 15:44

Күдікті жас жігіт өзін құқық қорғау саласының қызметкерімін деп таныстырып, бірқатар тұрғынды сан соқтырған.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 1992 жылы дүниеге келген М есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жас жігіт құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкері ретінде өзін таныстырып, тұрғындарды алдап, ақша бопсалаған. Күдікті қала тұрғынына жұмысқа орналастыру мен несие бойынша проблемаларын шешіп беруге уәде беріп, өзінің атына автокөлікті тіркеуді және ол «қызметі» үшін ақшалай сыйақы талап еткен. Арнайы операция барысында күдікті адам ұсталды" делінген департамент мәліметінде.

Қазіргі таңда алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлердің болжамы бойынша, күдіктінің әрекеттерінен зардап шеккендер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Бүгінгі таңға дейін үш азамат шағым түсірген. Осы ретте Полиция департаменті аталған күдіктінің іс-қимылынан зардап шеккендерді Бейбітшілік 19 мекенжайы бойынша ПД Тереу басқармасына келуді немесе 71-63-10, 71-60-30, 8-702 -755-03-55, 8-775-416-67-92 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.