Bek Air ұшағы апатына қатысты жаңа деректер пайда болды

27 желтоқсан, 09:26

Апаттың себебін анықтауды вице-премьер бастаған арнайы құрылған үкіметтік комиссия бақылайды.

Комиссия оқиға орнына бару үшін жолға шықты.
Оқиға мән-жайын анықтағанға дейін осы үлгідегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылады.
Бейресми дереккөзге сенсек, 26 желтоқсан күні Шымкент әуежайында Bek Air ұшағы апатты жағдайда қонған. Жарты күн бойы жол бойында тұрған ұшақты кейін тұраққа сүйреп әкетуге тура келген.