​WhatsApp жаңа тыйымды енгізді

27 ақпан, 18:00

Танымал WhatsApp мессенджерінде жаңа тыйын пайда болды. Бұл – қандай да бір топқа қосылушының келісімінсіз қоспайтын қызмет.

Бағдарлама жасаушылар осы қосымшада қауесет таратып, үрей туғызатындармен осылайша күресуді шешіпті. Қосымшаның баптауларында пайда болған бұл қызмет арқылы топтарға телефонға жазылған байланыс иелері қосатынын немесе ешкім қоспайтынын белгілеуге болады. Соңғысын белгілеген жағдайда қолданушыға ұсыныс келіп, оны қабылдауға немесе қабылдамауға болады.

Бұл өзгеріс алдымен Androidқа арналған WhatsApp қосымшасында, кейін iOS нұсқасында пайда болады.
Қосымшаны жасаушылар жалған ақпаратпен тек осылай ғана күресуге болатынын айтады. Еске сала кетейік, Үндістанда бала ұрланып жатқаны туралы мессенджер арқылы тарақан қауесеттің салдарынан адамдар өздеріне қол жұмсаған. Бірнеше штаттың тұрғындары көшеде кетіп бара жатқан «қылмыскерлерді» көріп (олардың суреттері мессенджерде тарады), оларға шабуыл жасаған. Үндістан үкіметі WhatsApp жетекшілерінен жалған ақпарат тараудың алдын алуды талап етті.
Дерек көзі: