​"Хан Шатырға" келген қыдырушыға пальма құлап кетті

09 наурыз, 15:03

Мерекелік 8 наурыз күні Астанадағы "Хан Шатыр" орталығына келген азаматша үшін сәтсіз аяқталды. Сағат 17:00 шамасында әйел үшінші қабаттан екінші қабатқа эскалатормен түспек болады. Кенет оның үстіне пальма құлап кетеді. Куәлердің айтуынша, жәбірленуші ауырсынып, қатты айқайлап жіберген.

Сауда орталығының күзетшілері оқиға болған жерді күзетіп, жедел жәрдемді шақырады. Әйелдің халі туралы әзірге белгісіз.