26 ақпан, 14:38
Дәрігерлер көп балалы аналарды тегін медициналық тексеруден өткізіп, әйелдерге арнап түрлі медициналық сараптамалар өткізді. Мұның барлығы түрді дерттің алдын алу үшін дейді дәрігерлер.
«Көктемгі мерекелер қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің бастамасымен өңірдегі барлық аудандағы емханаларда «Ашық есік күндері» өтуде. Құрметті ханымдар, скринингтен өтуді ұмытпаңыздар!», - дейді басқарма өкілдері.

Осыған орай Сарыағаш және Арыс аудандық ауруханалар мен емханаларда барлық дәрігерге қаралу туры өтті. Ұйымдастырушылар емдеу мекемелерінде ана мен баланың денсаулығын жақсарту мен медициналық қызмет сапасын көтеруге бағытталған ауқымды іс-шаралар қолға алынған дейді. Жалпы тәжірибелі дәрігерлер, гинеколог, психолог, невропатолог, педиатр, хирург, травматолог-ортопед мамандар медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуде.

Диагностика шараларының нәтижесінде толық тексеруден соң емдеу қолға алынып, науқастар дәрігерлердің бақылауында болады. Тағы бір жеңілдік, Түркістан облысының барлық аудандық емханаларында көп балалы аналар кезектен тыс қабылдануда және дәрігерлердің тапсырмасымен дәрілермен толық қамтамасыз етіледі. Әр аудандық ауруханада 10 арнайы палата бар.

Автор:
Алиса Бойко, Шымкент