Валюта:
  • USD / KZT - 531.96
  • EUR / KZT - 622.45
  • RUB / KZT - 6.79

    Министр 42500 туралы: "Ешкім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды"

    20 сәуір, 12:20

    Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 3,96 млн-нан астам қазақстандыққа жалпы 157 млрд теңге сомасынан 42 500 теңге жәрдемақы тағайындалды.​

    Өзіне тиісті емес 42 500 теңгені алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды

    Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

    «42 500 теңгені қателесіп алған бірде-бір адам жауапқа тартылмайды. Осыған тоқталайық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл әлеуметтік төлем», - деді министр.